Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  97


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жатсынып жылтсыз жапанды мына...

Жатсынып жылтсыз жапанды мына
Жалаңаш қалған жаным-ай!
Тағдырдың тым-тым қаталдығына
Алыста тұрар налып Ай.
Қара ағаш үнсіз тұр еді жылап,
Қараңғы түнге тығылып.
Қайғысын ұқпай күледі бұлақ
Жанына келіп ұрынып.
Желіктірмек боп желпіне басып,
Желігіп жетті жел ойнап.
Тірліктен мынау серпіле қашып,
Тұр екен аспан нені ойлап?!
Қара ағаш–жаным жалғанда жалғыз
Қамығып, түнге жылайды
... Тылсымды көп-көп армандаған қыз
Тым жақын санар мына Айды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу