Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  65


Автор: Жанат Әскербекқызы

Наз

Сені бар дейді,
Сені нар дейді...
Барлығыңды қайтейін,
Сұрамаған халімді.
Нарлығыңды қайтейін
Демемеген бір келіп тұралаған жанымды.
Мендей жақын бар ма еді,
Сені іздейтін күні-түн.
Кеудең мүлде тар ма еді
Сыймай қалды сені жаман дегізбейтін үмітім.
Барлығыңды қайтейін,
Барлығымды ұмытқан.
Бар күнімді қайтейін
Сені күтіп елеңдеп, әр күнімді жылытқан.
Өксік болсын өңдегім –
Түсіме де кірмейсің.
Біле білсең сен менің
Жалғыздығын жанымның түсіне де білмейсің.
Барлығыңды қайтейін,
Әрі жақын, әрі жат.
Нарлығыңды қайтейін
Жұбатпаған жанымды... жабығатын, қаңырап...
7 тамыз. 2005. Астана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу