Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  61


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жүрек сыңар, өйткені өзім сыңар...

Жүрек сыңар, өйткені өзім сыңар,
Мені ұстаған бұғаулап төзім сынар.
Жақсы көрем дегенсің, жай әншейін
Желеу қылып айтқан бір сөзің шығар...
Кеуде-қапас босатпай кешікті өлең,
Сол өлеңге соншалық өшіккен ем.
Селге тосып жас жуған дидарымды
Сезім атты топанды кешіп келем.
Сен де сыңар жалғанда мен де сыңар,
Сыңар болып күн кешу жөн де шығар.
Сыңар жүріп сағынған сәттерімді
Мен жиі еске алармын, сен де есіңе ал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу