Өлеңдер ✍️

  01.09.2022
  89


Автор: Жанат Әскербекқызы

Түнді кешіп белуардан...

Түнді кешіп белуардан
Аспан жаққа жүріп кеттім.
Менсінбесе мені жалған
Мен табалап күліп кеттім.
Жұлдыз болды жол серігім,
Қолың бұлғап қайда қалдың?!
Пенделігің өлсе, күнім,
Хабарымды айдан алғын.


Айдың арғы бетіндемін,
Ғарыш желі жүзімді өпті.
Сен іздейтін секілді едің –
Мендегі үміт үзілмепті.
Жер томсарар – тәнім қалған,
Ай бетінде жүзіп келем.
Талақ қылар бәрін жалған –
Мен де күдер үзіп келем.
Ай сырымды шертті келіп,
Маза бермес енді Елесім.
Бір күндері дертті болып,
Құс жолымен Сен келесің.
...Күтіп жүрмін...



1996 жыл. Өскемен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу