Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  68


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АХИЛЛЕСТIҢ ӨКШЕСI

Ақыл-естен осылай айырыламын деп,
Бiр өтiп кеткен өзекке қайырыламын деп,
Бiр ұрынған қақпанға тағы ұрынамын деп,
Мен бұрын ойламап едiм.
Уәжiм де жоқ ақталар, айта алар бүгiн,
Көрем бе жоқ па, жүректiң жай табар күнiн?
Түбiме жеттi бейсауат, бейхабарлығым
Тағдырдың сырларынан.
Мақтан көрушi ем өзiмнiң мықтылығымды,
Өзiме деген сенiмiм бiттi бұрынғы,
Кеудемнен тапты зiлзала – күптi дiрiлдi
Сейсмографтар.
Сезiмге менi құрбан ғып, қайырлатқызған,
Бiр қыздың отын жаққызып, қойын баққызған,
Осалдығымды өзiме мойындатқызған,
Қайран жүрек-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу