Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  64


Автор: Жанат Әскербекқызы

Дерт уынан әлдеқашан өлген ем...

Дерт уынан әлдеқашан өлген ем,
Жай таппадым өліп те...
Көзімді ашсам, қап-қараңғы көр көрем,
Көр де маған жарап қалар серікке.
Ессіз сенім есерлікке егіз боп,
Кебініме қол салды.
Келіп едім, жат қаладан нені іздеп,
Мазақ қылып, қарсы алды.
Көрем деп пе ем, әлі мұндай сұмдықты,
Тағдырымның жоқ екен-ау теңдесі.
Көзден аққан қасіретті су жұтты
Табалады тобасы жоқ пендесі.
Жақын жаным мыстан болып елестеп,
Жүрегімді қыршыды азу тісімен
"Бағың қайтса, мен кінәлі емес" - деп,
Сақ-сақ күлді, ызғар шашып түсінен.
Дұшпанға емес, досқа таба болған - мен,
Кегі кеткен кім барсың?!
Көп ұзамай көкке сінем сорлы әнмен,
Өксігімді соған келіп тыңдарсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу