Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  101


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ертегі түбі шын дейді...

Ертегі түбі шын дейді,
Бақсының түбі жын дейді,
Ескіден жеткен бір сөз ғой,
Кім айтқан екен... білмейді.
Ғаламның ғажап сыры көп,
Тұңғиықтың да түбі жоқ.
Жеті қат көкті жаратқан
Жұмбағы қалың құдірет.
Аспан мен жердің арасы
Алты күншілік, шамасы,
Аспанда - өңкей періште,


Ал, жерде — адам баласы.
Періште біткен мүбәрәк,
Пенденің бәрі күнәлі-ақ,
Сайтанды қалай қуамыз,
Санаға кірген сыналап.
Күнәні тәнге қалдырып,
Иманмен қайта жаңғырып,
Ғарышқа қадам басармыз,
Сапарды жалғап мәңгілік...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу