Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  75


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫР ҮСТIНДЕ

Күн киiнiп қызыл алау жейдесiн,
Аймалайды көкжиектiң кеудесiн.
Күн емеспiн күнбатысқа жоғалар,
Қыр үстiнде мұңаямын мен несiн?
Тiрлiгiмнiң тағы да бiр күнi өттi,
Iзсiз өткен күндер менi жүдеттi.
Өткенiм бе, ертеңiм бе – аңсарым,
Қайда бұрам мынау жалғыз жүректi?
Мен де өмiрден өтер ме екем бiр күнi,
Жамалмастан жүрегiмнiң жыртығы.
Өмiрге әлi өз отымды бергем жоқ,
Жоғалтпаңдар тұтанбаған шырпыны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу