Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  103


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ӨСКЕМЕН ТУРАЛЫ ЖЫР

Көтерiп туын шығыстан,
асығып атса күмiс таң,
От өрiп екпiнiменен төсiнен асқақ жыр ұшқан.
Сырғасын малып Ертiске бiр ару жатыр жағада
Тұлғасын соққан мырыштан.
Сапардан қайтқан тырналар танымай қалса –
кешiрiм,
Шаһар бұл түлеп жататын балапан үйлер бесiгi.
Жайқала жасыл желегi қала бұл алау таңдарға
Айқара ашқан есiгiн.
Соғады самал Алтайдан,
бұлттарды нұрға қоса өрлеп,
Кестелi ақша орамал орайды тұрба басын кеп.
Күн бойғы қызу жұмыстан бусанып жатқан өлкенiң
Таңдайы құрғамасын деп.
Жырласам шығыс шынарын,
көңiлде шалқар шалқып көл,
Көкiрегiме орнайды керiлiп барлық барқыт бел.
Қарасам бүгiн қала ма комбинаттағы кендердей
Ағыл да тегiл шабыттан кетемiн дәйiм балқып мен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу