Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  84


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ТАУЛЫҚ МIНЕЗ

Қой, жаным, қызығумен ерме маған,
Мен болсам құштарлыққа көнген адам.
Кiрпiгiм шарасыздан айқасқанша
Осынау мазасыздау халде қалам.
Қой, жаным, құр қызығып ерме маған.
Қорқасың мен жүзетiн долы өзеннен,
Сенбесең бiр қарашы терезеңнен.
Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па,
Ал менiң жақын досым сол ежелден.
Қорқарсың мен кешетiн долы өзеннен.
Сен болсаң тауға тұңғыш келген адам,
Қой деймiн, мерт боларсың, ерме маған.
Құрсақтан топшылы боп туғаннан соң
Құлашты дүлей суға сермеп алам,
Қой, жаным, мерт боларсың, ерме маған.
Долы ағыс алып қашар бас көрмеген,
Мен сонда аймаласам тастарменен.
Ертемiн толқындарды ерттесуге
Сыралғы болса сумен жастан денең,
Табысып жүзер болсаң тастарменен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу