Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  57


Автор: Ұлықбек Есдәулет

КҮЙТАБАҚТАР

Зайсанда, туған үйiмде,
Зымыран ойдан көз iлмей,
Отырмын мiне бүгiнде
Баяғы бала кезiмдей.
Сезiмнен тiлiм байлаулы,
Өткеннен берiп бiр хабар,
Бүгiн де, мiне, ойналды
Күйтабақ, пластинкалар.
Айқара ашық әйнектен
Үңiлем түнге елеңдей.
Қарайды күлiп Ай көктен
«Келдiң бе, ұлым?» – дегендей.
Жаңғырған көкiрегiмде
Жаңа бiр саздар шырқалар,
Ойналса туған үйiмде
Күйтабақ, пластинкалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу