Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  171


Автор: Ұлықбек Есдәулет

«Өлдің, Мамай, қор болдың...»

«Өлдің, Мамай, қор болдың...»,
Сынақ – ауыр!..
Таптап жүре береді мына дәуір.
Серілер мен перілер, сал-сүлейдің
Баршасына бұйырған сыбаға бұл.
Мақтаменен бұл заман бауыздайды,
Бауыздайды, қаныңды ағызбайды.
Байыздамас жаның да байыздайды,
Жүрегіңді жалмайды жауыз қайғы.
Бөгу үшін, ей, қоғам, нұрға кілең,
Дарындарды қаншама құлданып ең.
Азып-тозған ағзаңа
Асылдардың
Қасық қаны болмады-ау мың да бір ем?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу