Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  66


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қылтиып қарайды талдан бүр...

Қылтиып қарайды талдан бүр,
Жарығын сыйлар ма жалған бұл.
Шуақ боп ериді ауада
Аспанның жүзінен тамған нұр.
Сарғалдақ сыңсыған қырлардан,
Сарғая қол бұлғап тұрды арман.
Жарыққа талпынар шуақты
Бір үміт, жүректе бүр жарған.
Үлбіреп желегі гүл-сезім,
Дегендей жымиып, күлші өзің.
Күтіп тұр құлақ сап тіршілік,
Аспаннан оқылар жыр сөзін.
Көктемім, көктемім, көктемім,
Шағайын шегі жоқ көкке мұң.
Өлеңім тежейді, тоқталам,
Өзегін шер шалған өкпелім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу