Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  281


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қараман итті қан қылар. ..

Қараман итті қан қылар
Қарлыға қыздың кегін бер!
Қобыландыны естен тандырар
Қас асылдығын көріңдер!
Сағыныш еді құштарым,
Санама кімдер салды ойран.
Алдаспан – ашу ұстарым
Тұрысар жерім – қан майдан...
Қабағым - қаңтар қаһарлы,
Қылышым күнге шағылар.
Танытпай тұрып атаңды
Кәлләмді, кәні, қағып ал!
...Аңғалдық шалған аяғын
Батырға қайтем өкпелеп.
Сауға сұрағыш нояным,
Шықсайшы бері жекпе-жек.
Ар үшін мінсем намысқа,
Қолдайды, тағы толғайды ел.
Адымды аштым алысқа
Домалақ Анам, қолдай гөр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу