Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  143


Автор: Жанат Әскербекқызы

Кірпігіне мұз тұрған...

Кірпігіне мұз тұрған,
Кінәмшіл көңіл сілкін бір.


Қабағына қар қатқан
Қаңтарға құл боп күлкім жүр.
Жазықсыз үміт жаутаңдап,
Қапалы түннен сығалар.
Жан тұңғиығына үңілсең –
Тұншығып қалған тұма бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу