Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  43


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көзімнен жосыған жас...

Көзімнен жосыған жас
Көріме тамар,
Көр түбінде көзге айналып,
Қарашығын қайтадан көгіне қадар.
Қабірімді жарып қара гүл өсер –


жасымнан өнген,
Азалап жоқтар қаралы нөсер
Арманды жанды жасынан өлген.
...Ей жүргінші, назарыңды аудар,,
Нәр сұрап мынау налыған гүлге.
Түп-тамырының азабын аңғар –
Өрең жетпесе маңына жүрме...
Өзіңе қарай келердей қашып,
Үміт-ауаны қарманар.
Осы қабірде...
Өлеңге ғана өлердей ғашық
Өзегі дертті жан қалар.
Өмірің деген – қабірің ғана,
Кеңістігі жоқ тас қамау.
Қара қауызға тағы бір қара –
Тама алмай қалған жас бар-ау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу