Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  84


Автор: Мақпал Жұмабай

Биылғы көктем

Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Бала кездегі арманды алып келер деп.
Күндегі тірлік, әйтпесе
Күлмей қоятын керең деп.
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Көкорайларды сағынып,
Жұбатып жетім бұтақты
Ызғардан қалған қамығып.
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Естиін деп үнін бұлбұлдың,
Жылымық келсе мұзға ұқсас
Ерір деп мұңы жүз жылдың!
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Анамның жетім көңілі желдейтіндей боп,
Бұла таңдары бұлқынып
Енді келмейтіндей боп...
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
...Ақыры келді. Күркіреп аспан.
Кемпірқосақ – елес.
Көктем-ай, көктем,
Көңілдің тоңы мызғитын емес.
Неге?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу