Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  96


Автор: Жанат Әскербекқызы

Өлсем орным қара жер...

Өлсем орным қара жер, сыз бомай ма...
Абай



“Өлсем орным қара жер”,
Қайда қашып құтылам.


Тас қойныңа ала бер,
Түбі саған жұтылам.
Өмір – жалған, өлім – хақ,
Барар жерім белгілі.
Безер тағдыр сенімді ап,
Безеріп тұр ендігі.
Жаза бастым – жазғырды,
Шер дарытты – шерлендім.
Көпсінеді аз күнді,
Сергелдең боп сенделдім.
Шыңда –Шынар, жерде –мен,
Жалғыздыққа мысалмыз.
Сырласып жел-жеңгемен
Желік-күнді құшармыз.
Жерде - Өзім, аспанда – ай,
Күрсіндірген көк түнді.
Көзімізде жас қалмай,
Жоқтап тұрмыз жоқ күнді.
Қорқыт кірген көрді ашып,
Жыладым ба, күлдім бе.
Біразырақ жер басып,
Өлу үшін жүрмін де...



Қараша, 1995ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу