Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  171


Автор: Талғат Орманов

АТАМЕКЕН

Атамекен мен сені сағынамын,
Сарғайғанда далаңнан табыламын.
Атажұртта Бабалар дем бергесін,
Жол ашасың бір Аллам бағыма мың.
Атамекен Боралдай атырабы,
Жұрт Қостұра дегенде «аһ ұрады».
Балық ұстап бір мезгіл демалсаңшы,
Деп, “Мұрынтас” қол бұлғап шақырады.
Атамекен жүректің түкпірінде,
Шуақ шашып, қуат боп жатады екен.
Атамекен жүректің түкпірінде,
Қуат болып, Дем беріп жатады екен.
Атамекен, өзіңде жаралғанмын,
Өзен, тау-тас, ауаңнан нәр аламын.
Күйкі тірлік күйбеңнен бауырыңа,
Есейсем де еркелеп ораламын.
Атамекен жалынмын, от боп жанам,
Дархан пейіл берген соң жәннат далам.
Ата-баба аңсаған үміт- арман,
Биігінен көрінер Сері балаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу