Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  79


Автор: Байыт Қабанұлы

ГӨЗЕЛІМ КӨРІКТІМ

Гөзелім: Көріксіз жалғанға
өң беріп жаралған көркемсің,
Сеземін, ешкім де тең келмес
керімсал еркемсің.
Кел асыл мойныма,
дауасыз іштегі дерт өлсін,
Төземін өртіңе, берік бол сертіңе,
өзегім өртенсе өртенсін.
Жасқанба жамандар
өсегін қаулатып қорласа қорласын,
Ластан да арамдар
есегін аунатып, сезімді торласа торласын.
Кел еркем еркеле өрбіген өсектен
бақ-бақыт қонбаса қонбасын,
Дастанға жарарлар
сен жайлы жырымды оқысын,
ызғарға тоңбасын.
Ақ еркем, ақ таң боп арайлап
арманды жемдеген аяулы асылсың,
Жан өлкем, сенің пәк кеудеңде
жаңа бір әлем боп ашылсын.
У да шу жалғанды таң қылып
тамаша қылықпен еркеле,
Ал ертең, ғашық боп көрмеген пенделер біздерге
бас ұрсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу