Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  88


Автор: Байыт Қабанұлы

- ҒА

Сен қайдасың білемін алыстасың,
Байланыс, амандықтан қалысқансың.
Себебі сол: Жалтаңдап жарысқасың,
Жау таба алмай жағамнан алысқасың.
Сөйтіп өзің таласып талған едің,
Бәйге болмай жарысып қалған едің.
Өйткені сен таңдау жоқ жалған едің,
Тұтас емес жамау мен жалғау едің.
Енді міне шал болдың ілгерледің,
Адам болып жарқырап күн көрмедің.
Жамау болып түсерсің көріңе де,
Біртұтас боп өмірде үлгермедің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу