Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  52


Автор: Жанат Әскербекқызы

Таңым ызғар, тәнім мұздай...

Таңым ызғар, тәнім мұздай,
Қадалды уақыт заңын бұзбай...
Мен емес – ол
Қалғыған.
Терезем де телміреді,
Кіре алмасын жел біледі,
Бәрі мені аңдыған.
Әйнегімде қырау күліп,
Құр әуре дер мынау қылық.
Жел долданды... жұлқынды.
Уақыт есін жиып алды,
Сосын қабақ түйіп алды –
Көз тастады бір түрлі.
Мен
“Менмін” деп,
көнгенмін деп,
Айта алмадым, ырқыңа.
Жатырқадым жамылғымды,
Сұм сезімім мәнін білді –
Бас көтерді бұлқына.
Таң шапағын бүркіп өтті,
Суықтықтың сұрқы кетті.
Қаңтар жылы жымиды.
Терезем де елжіреді,
Жібігендей жел жүрегі –
Тілек айтар бір игі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу