Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  146


Автор: Жанат Әскербекқызы

Бақсының сарыны...

...Бақсының сарыны –
аспан астындағы бұл сарын...
Алты қаз ұшты қаңқылдап,
Аңыра қарадым.
Кетер ем бірге ән тыңдап –
Соңыра барамын...
Білгенмен мына тірліктің адыра қаларын


Пенденің сәттік аманат-жанын аларын
Мәңгілік деген ұғымға табынып тұрып,
Қобыз үніне жанымды жанып аламын.
Әуелеп ұшқан алты қаз
Төлеген өлгенде


Қасірет-мұңды арқалап көнеден келгенде
Қобыздың қоңыр дауысын көмейден төгіп,
Арқалап алып ұшарсың келер күндерге
Рухымды уақыт аластап, денеден бөлгенде...
Қобызым менің жоғалған...


Қособада ма екен?
Байланып күшім қалды ма босағаға бөтен...
Аспандап ұшқан алты қаз тағдыр оғынан
Талайлы бір сәт туғанда тасалана ма екен?
...Бақсының сарыны –
Аспан астындағы бұл сарын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу