Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  79


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мыстан мен шайтан ымдасып...

Мыстан мен шайтан ымдасып,
Мазақ қылғандай түнді бұл.


Аулақта... бұдан тым қашық
Аңғардан жетер бір күбір...
Су перісінің қызы ма,
Жұлдызға қарап бал ашқан.
Бұлқынған бұлақ сызыла
Балтырын шайып жанасқан.
Сұңғыла сезім сұқтанып,
Жүрегін бәлкім шарлады.
Үрейді тылсым күтті анық,
Сыпсыңға толды жан-жағы.
Мыстанның зәрлі мысқылы,
Ызғар боп шалды ақ тәнін.
Шайтанның сұмдық ұсқыны
Тәрк етті түннің тәтті әнін.
Күбір де тынды... бәрі үнсіз,
Ұйқыға кірді түн мүлгіп.
Тентірер самал дамылысыз
Самал да, қыз да – бір мұңлық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу