Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  106


Автор: Жанат Әскербекқызы

Самал желдің сарыны

Түнекке кірдім...
Іші –нұр,
Жалғанның нағыз түсі бұл.
Іздесең бәрі осында –
Таң сәрі, сәске түс, іңір...
Түнекке сүңгіп, таң, әні,
Тірліктің көзін таңады.
Талықсып кеткен аспанның
Көзінен жұлдыз тамады.
Елең де алаң шақ мұнда,
Қақпасын, сірә, қақтым ба?!
Қадірін білер бір өзі
Қара мен қызыл... ақтың да.
Түн жұтып алып күбірін
Қып-қысқа етер ғұмырын
Түңлікке бойын тасалар
Ұялшақ менің іңірім.
Жұлдыздар айтар түнгі ән ем,
Табатын жанға мұңнан ем.
Түнекке кірем толқып кеп,
Түнектің іші – түрлі әлем.
Тұрағым сонда іздесең,
Сыр айтар болсаң, бізге сен!
Тағдырдың жүгін арқалап,
Көктемнен жетем күзге есен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу