Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  86


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жайлау кеші

Күн еңкейсе, көлеңке өсіп бауырда,


Соңғы сәуле менің биік тауымда.
Ірімшіктей қызыл-ала сиырлар,
Азан-қазан шулап қайтар ауылға.
Тояттай ма, жемін торып, қызғанбай?
Күйкентайы көк аспанға сызғандай.
Бір биіктен көз жіберсең алысқа,
Ой салады шаңыттанған түз қандай?..
Мұршасызын қимылынан ұққызып,
Тастай бере септеп жатқан жіпті ұзік.
Жер ошақта шалғышымен жеңгей тұр,
Көк түтінде тыжырына сүт сүзіп.
Сом тоқпақтың дүрсілінен қатты ұрған,
Тау жаңғырып, селк етеді, ат қардан.
Топ етіп кеп үркіп қонған бөдене,
Тас тәрізді мал алдына лақтырған.


1965 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу