Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  64


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

МЫНА БІР БАНКИР

Мынау бір банкир - сараң бай, тексіз, тантық бір,
Абайға қарап, тұяғын атша тарпып тұр.
Алладан кейін өзі болған соң - асқақ ол,
Алаштан күллі алапатымен артық -
Бұл!
Бура-Көк Доллар көбігін көзге бүркіп бір -
Өлен де елден үркіп тұр.
Әйелден-дағы жұпардың иісі аңқымай,
Ақшаның иісі, басқаның иісі...
Мүңкіп тұр!
Қай жаққа кетем?
Білмеймін, - жаным шырқырап,
Баспаның иісі - ақшаның иісі! - бұрқырап;
Қаңқұртқа жазған, мәңгүртке жазған жырымды,
Сағыз ғып мынау шайнап тұр неге ұртына ап?..
Күйші де бүгін ақысын алсын күйі үшін,
Биші де бүгін ақысын алсын биі үшін.
Мағауиндердің мұрнын қойса музейге,
Сезе алмай кеткен Мецанаттардың иісін...
Ақтау да, әне, шалынып әрең тұр көзге.
Каспийді кезіп жүр ме екен мендей бір кезбе?
Аққудан-дағы ақшаның иісі шыға ма?!
...Гуккудің иісі шығатын еді-ау - бір кезде!
Ақсораң деген шың ғана ма екен,-құрлық қой -
Әлихан туған!
Құдайға мәңгі - құлдық қой!
Қазақтың иісі шығатын Қарқаралыдан -
Ақшаның иісі шығады!
Мынау - сұмдық қой!!!
Ал, мырзам, кел де, алшаңда, ай-хой, алшаңда!
Алдыңда сенің ақжол ғой қайда барсаң да.
...Астанадан да ақшаның иісі шығады.
Алаштың иісі қай жаққа кеткен, ал, сонда?!
Күн шығып күліп, дүние көзін жаңа ашқан.
Ақысын төле,-нөсерлеп берсің қара аспан!
Түріктің арын қорғаған қызғыш құстайын,
Рухтың иісі аңқып-ақ тұр ғой - «Манастан»!!!
Ақшаның иісі шығады неге Алаштан?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу