Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  99


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Уа, біз несіне қапамыз?

Уа, біз несіне қапамыз?
Атының тұяғы Алтайдан - Альпіні аттап,
Жүзін құбылаға тіктеген, -
Ер тұрманын саф алтынмен аптап,
Жүгенін күміспен күптеген, -
Біздің Ұлы Атамыз
Балконда тұр Аруақ боп!
Сайтан да оны қуа алмаған кәуір боп,
Шүршіт боп, не - қалмақ боп.
Пәле, жала, шаңырақтан аулақ кет!
Қазақстаннан аулақ кет!
... О, Аруақ!
Алашыңды аластап,
Жұма сайын төрімізге аунап кет...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу