Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  100


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҚАРҚАРАЛЫ ОРМАНЫ

Бақтыбай Жүнісовке
Мынау -
Қара Шордағы,
Қалың нулы Қарқаралы орманы.
Мен -
Алаш дейтін дертке түсіп жүдедім.
Бұл -
Өртке түсіп сорлады...
Біреуі - ағашзатында,
Біреуі - адамзатында,-
Сен - орманда, мен бөлек ем - ақында.
Жану үшін тудық, жазған, тағдыр - сол,
Лапылдасаң, ал, лапылда!
Лапылда!
О, дариға-ай, қамшысын төрге ілген,
Һас Сақтың бір бұтағы едік өр, мүлдем.
Қарағайға қарсы біткен бұтақтың,
Күл болғанын көрдім мен,
Тұл болғанын көрдім мен...
Ал, лапылда!
Лаулайтын тек ақын ба,
Өлең айтып өрт пенен дерт хақында?
Екеумізден өткен шерлі ешкім жоқ,
Ағашзат пен мынау адамзатыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу