Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  56


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Наполеон елінің еркесі - өр...

Наполеон елінің еркесі - өр,
Көсіле жамылған көрпені.
Мәскеуді бір рет өртесе ол,
Едіге - үш рет өртеді.
Түркінің тағы бір өркені,
Тәңірдің нұрына бөленген, -
Үйсіннен - Жамбыл кеп өртеді
Мәскеудің жүрегін - өлеңмен.
Жасынды жалмаған ұртымен,
Түске еніп Доспамбет көкем-дүр -
Енді кеп мен шықтым Түркіден
Дүние не болар екен бұл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу