Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  112


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» МӨЛТЕК АУДАНЫ

Дәуітәлі дейін ағаны
Қалдырдым қандай иірімге?!
«Бауырым!»-дап, - басым лағады,
Бармаймын «Қазахфильмге!»
Барын да, сырахананы
Көңілім аза-күй қылды.
«Көке!»-леп көзім ағады -
Көрмеймін «Қазахфильмді!»
Көрінер елес көп - демде,
Көмейге кермек жас тұнып.
«Қазахфильмнен» өткенде
Көзімді жұмам тас қылып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу