Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  71


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Цивдизация

Құрт кеп түскен қарағайдың діңіне енді қарамашы,
Тамам дүние - осылардың киер киім, тамақ-асы:
Мотор-ара ұрттарына сыйып кетті қараорманым,
Бұ заманның құрттары да -
Цивилизация шаранасы!
Мен Компьютер-Пенде көрдім -
Цивилизация шаранасы!
Қасиет жоқ, қасірет жоқ - қалқиған бір қара басы.
Миы толы қалың цифр,( басын ашып қарамашы),
Жүрегі жоқ,
Ішек-қарын бар!
Бұл - Сайтанның баламасы!
Калькулятор - Тауық көрдім -
Цивилизация шаранасы!
«Халқым» дейді өксіп кейде, о да өтірік -
Қара басы!
Алашқа рух болғанымен, бұған жейтін жем боп қалды -
Ақсұңқардың Серігінің «Адам Ата - Һауа Анасы»...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу