Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  63


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Қажет емес маған мына лас ғалам...

Қажет емес маған мына лас ғалам,
Мен бәрін де тәрк етіп тастағам.
Ғасырыңды -
Ғасырға айрыбастағам.
Жасыныңды -
Қасымға айырбастағам.
Мынау -
Менің Аспаным!
Аспанымда хақысы не басқаның?
Жұмыр Жерді -
Қызыларай тауына,
Марксіңді -
Мағжанға айырбастадым.
Өмір деген -
Қасиетті қас қағым.
Қасиетін енді сезе бастадым.
Самарқанды -
Бір сұлудың меңіне,


Өмірімді -
Өлеңге айырбастадым.
Тастаймын мен...
Енді бәрін тастаймын!
Тұранымның тұнығынан бастаймын.
Арафатты -
Аббасқа айырбастады.
Қазақстанды -
Алашқа айырбастаймын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу