Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  61


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Дәметпе түк те ешкімнен...

Дәметпе түк те ешкімнен,
Шығарма басқа бай ұлын,
Тіріде олар Тәңіріден
Жиятын емес айылын.
О, шәйір! Шайтан - жолыңда:
Оның да көрдік ойранын,
Қаламың болса қолыңда,
Береді құдай қайырын!
Хорезм шахын білмеуші ем,
Көргенде көкте тұрды еңсем,
Йездің шахы - өз шахым,
Көрсетпей қойды қайырын.
Алтыннан, бақтан, ақшадан
Биікпіз біздер, бауырым,
Тәңірі бір күн патшадан
Сұрар-ау, біздей шәйірін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу