Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  90


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Ізгіге иіп ем –

Ізгіге иіп ем –
Күлді ел.
Жырдан тәж киіп ем –
Күлді ел.
Сұмдықтан күйіп ем – күлді ел.
Сұлуды сүйіп ем – күлді ел.
Тар кезең демімді құрытып,
Алқына беріп ем –
Күлді ел.
Қарақан басымды ұмытып,
Халқыма келіп ем –
Күлді ел.
Түс қашқан һәм шала ес – бүгін,
Мен тоқтар бекет пе бұл ара?
Сан көргем тобырдың кескінін.
Ал, Халық, қайда осы, Нұр Аға?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу