Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  48


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

РЕАНИМАЦИЯ

Ғабдолла Құлқыбайға
Жанталас жанымызды түтіп жеп бір,
Ауа емес, аспан жақтан түтін кеп тұр.
Жасанды бүйрегіміз бүлк-бүлк етіп,
Жасанды жүрегіміз лүпілдеп тұр.
Ғасыр да тамам болмақ зырылдап жыл,
Қазаққа қандай заман қырындап жүр?
Жасанды махаббаттан жан азапты,
Жасанды ұрпақ туып, шырылдап жүр.
Алыстан мұңға батып Ай көрінген,
Қасармай қашан көшер қайғы елімнен.
Алашым адамзатқа жаутаңдайды,
Азалы аурухана әйнегінен.
Баяғы елім қайда – бал арасы?
Елде ой жоқ – қарыны мен қара басы.
Қазақта қазақ емес – жасанды жұрт –
Жасанды замандардың шаранасы!
Жасанды болғаннан соң көретінім,
Жұтамын уын ащы темекінің.
Бұл елге өзің сынды доктор керек,
Сезбейді емделмесе – өлетінін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу