Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  84


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ТОПЫРАҚТАҒЫ ЖАЗУ

Тәкаппарлық әбден бабы келгенде
Көнбейді екен көкке құс боп ұшпаса:
Цезарь бірде қас дұшпанын жеңгенде
«Келдім,
Көрдім,
Жеңдім» – депті қысқаша.
О, Отаным! – О, Жеңімпаз Тәңірім!
Қызыл қаның,
Ащы жасың төгілді...
Талай жендет жүргізбек боп әмірін
Цезарь құсап...
«Келді.
Көрді.
Жеңілді!!!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу