Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  71


Автор: Досан ЖАНБОТА

ҚҰСБЕК АТТАН ТҮСПЕЙДІ

Алатаудан нəр алған,
Отыр төрде қария.
Өмір өзен таралған,
Олдағы бір дария.
Тарих арқау есіліп,
Ғасырларға жететін
Сөйлеп кетсе көсіліп,
Көпір керек өтетін.
Ағаны мен көргенде,
Кетер едім от толып,
Сөзін бөлсем кей-кейде
Қозданатын шоқ болып.
Қыран тоят таппаса,
Құсбек аттан түспесін.
Заңы барын айтпаса,
Шынар шыңға өспесін.
Қайдан білем, жан аға,
Жақын еді-ау жанымыз,
Сен айтпасаң санаға –
Қонбас еді барымыз
Ақ берденке оғы удай,
қорамсақта тұрмайды,
Ақ мəрмəрға соғылмай,
Алмас қылыш сынбайды.
Керек саған сол қуат,
Терең тартсын тамырың?!
Ұрпақ алып мол шуақ,
Жақсын өткір жарығын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу