Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  65


Автор: Досан ЖАНБОТА

ƏСЕТКЕ

Бала көңіл, бал мінезді бауырым,
Тең көтердік өткен өмір ауырын.
Қуанышын есепте ме, ес те жоқ,
Құшақ жайды ақкөңілді қауымым.
Сұлулықтың ғашық едің бəріне
Қарамаушы ең, балауса ма, кəрі ме
Жаны таза бар адамды аялап –
Қосатын ең қоңыр назды əніңе.
Ғашық болдың Айшажанға, Алтынға,
Айнашқа да, əн арнадың шалқыма.
Сол сұлудың бірі саған ермеді
Мəңгі жас боп, қалды сенің артыңда..
Амал қанша, табиғаттың заңы бар,
Барлық пенде басқа түссе бағынар.
Кеттің ерте қайта келмес сапарға –
Халқың қалды мəңгі сені сағынар..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу