Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  67


Автор: Досан ЖАНБОТА

ДОСЫМ КӨП...

Досым көп, тіпті, күмəнданар қасым жоқ,
Қара ормандай мəуелі қайың, талы самсаған.
Қара суым бал татып, қара наным ас болған,
Өткен күндерімді аңсап тамсанам.
Біреулерге өкпе айту да маған тегі ауыр-ақ,
Одан адал пенде жоқ мына ғажап ғаламда.
Бұл тірлікте бəрін де келеді өткім бауырлап,
Шалқып солар жүрсе деп армандаймын əманда.
Адал шыным, артық болғым келмейді,
Маңдайға жазған бақытты бір-ақ тастаман,
Жаратқан ием екі рет өмір бермейді,
Қай жерім кем, айтыңдаршы, басқадан.
Қасқыр да тіпті іздейді тəтті тамағын,
Мен адаммын бүкіл əлем иесі,
Үйіме кел, төріме шық, қонағым –
Иесі бар үйдің табылар сыйлар киесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу