Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  238


Автор: Досан ЖАНБОТА

КАСПИЙ ЖАҒАСЫНДА

Каспий тұнық, тұп-тұнық-ау, тұп-тұнық,
Ақжал толқын жас сəбидей еңбектейді бұлқынып.
Аптап ыстық, күн түбіне сүңгіп кеткен теңіздің,
Біз үшеуміз жиегіне жаңа жеттік жұлқынып.
Су бетінде дірілдейді суретім,
Əсет сазгер əн шырқаған түнде. Тың,
Темірханның ақындығы бар қазаққа əйгілі,
Інілік те атқарып жүр міндетін!
Сүңгіп кетіп, өкпесіне қолын сұғып қойтастың,
Көк шөлмектің қысып ұстап қолқасын,
Жалт қозғалып шыққан кезде жағаға –
Шөлім қанды, рахаттың қайсы бірін айтасың.
Теңіз терең, теңіз жұмбақ, сырын оның кім білген,
Сол күндерді ұмытарсың қалай ғана бір жүрген.
Ақындықтан артық көрдің ініліктің парызын,
Іні болу қымбат екен, оны кейін білдім мен.
Қызметі Ақтауда «Соц. Қазақ.» газеті,
Қызық күндер неге қысқа, неге қысқа тез өтті.
Жақсылықты ұрлайтығын бəрімізге байқатпай,
Бір кем дүние неткен шебер кəзепті.
Күлсе күлген ақ жарылып ағаларға ағынан,
Оу, бауырым, сенің сол бір күлгеніңді сағынам.
Іні болып еркелеген қандай жақсы қасиет,
Тағы іздеші, тірі жүрсем ақ жайлаудан табылам




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу