Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  143


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Мен білемін...

Мен білемін,
Жыл ескірсе де,
сыр ескірмейтінін.
Мен білемін,
Жер бетіне мың бақыт үлестірсе де,
Тоғышардың күлкісі бір естілмейтінін.
Мен білемін,
Табандар ойылса да,
Сенімдер жойылмайтынын.
Мен білемін,
Махаббат кейде ақылға бой ұрса да,
Нүктесі қызғанышсыз қойылмайтынын.
Мен білемін,
Кешіріп қол алса да,
Жаралар жамалмайтынын.
Мен білемін,
Әрбір күз оралса да,
Ол күздің оралмайтынын.
Мен білемін,
Бір үміт жалғаса да,
Жүз үміт жол қарайтынын.
Мен білемін,
Адамдар алдаса да,
Армандар алдамайтынын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу