18.08.2022
  68


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

МОНДАНАҚ

Ойынды көгалда ойнауға болады. Қатысушылардың саны он бес – жиырма адамнан көп болмауы керек, бірақ жасына қарамайды. Ойынға екі қабатталып есілген орамал пайдаланылады. Ойнаушылар аяқтарын ілгері созып, тізесін сәл көтеріп, шеңбер жасай дөңгелене отырады. Бүгілген тізелерінің астынан әрі-бері жүгірткен кезде орамал өтетін болуы керек. Аяқтарының бастары шеңбердің ортасына жақын түйіседі де, тап сол жерде ойын жүргізуші отырады. Ойын басталған кезде қолында орамалы бар ойыншының бірі ортадағы жүргізушіні орамалмен жонынан тартып қалып, оны лезде тізесінің астынан өткізіп жіберіп: «Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ!» – деп әндетіп қоя береді. Оған барлық ойыншылар қосылады. Ойын жүргізуші орамалды жұрттың аяқтарының астынан іздей бастайды. Оған орамалды тауып алу оңай ға соқпайды, өйткені ойыншылардың бәрі қолдарын тізелерінің астында ұстап, арлы-берлі «жүгірген» орамалды бір-біріне ұзатып отырған адамға ұқсайды. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстап алса, онда оны алдырып қойған ойыншымен орын ауыстырады. Сөйтіп, ойын қайта жал ғасады. Осы ойынның екінші бір түрінде орамалмен ұсталған ойыншы ортаға шықпас бұрын көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Тек содан кейін ғана орындарын ауыстырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу