18.08.2022
  187


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТҮЙЕ-ТҮЙЕ

Ойнаушылар алаңға жиналып, екі топ- қа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топта үштен бірі болуы керек. Екінші топтың ойыншыларының бірі – «інген», қалғандары – «боталар» болады. Бірінші топтың ойыншылары – «ұрылар» жан-жаққа тарап кетеді. Ал «ін- ген» болса «боталарды» қасына ертіп, жайбарақат жайылымға шығады. Сол кез де әлгі «ұрылар» жан-жақтан байқатпай келіп, бір-бірлеп «боталарды» ұрлай бастайды. Әрі әр ұрлаған сайын: «Біз


«ботаңды» әкеттік!» – деп дауыстап отырады. Дауысты естіген «інген» олардың соңынан тұра қуғанымен де, бірақ жете алмай  әбден  дымы  құриды.  Және  ол«ұрылардың» біреулерінің соңынан қуа жөнелгенде, өзге біреулері басқа жағынан келіп, қараусыз қалған басқа «боталарды» ұрлап әкетіп жатады. Сөйтіп, ең соңында


«інген» жалғыз өзі қалады. Содан қатты қайғырған «інген» қолына таяқ алып, «бо- таларын» іздеуге шығады. Екі көзінен жас парлай боздап келе жатып, ақыры «ұрыларға» тап болады. Байқап қараса, іздеп жүрген «боталары» «ұрылардың» қасында қамаулы тұр екен. Ашуланған «ін- ген» таяғымен жасқап, «ұрыларды» шеті- нен жазалай бастайды. «Ұрылар» бол- са білген өнерлерін көрсетіп, жазаларын өтеп жатады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу