Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  301


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Таксидегі әңгіме

Ертеменен тұрдым жұрттай лайықты.
Аңсап жүрген жан емеспін ғайыпты.
Маскам да жоқ,
Такси бар ғой, шақырдым,
Кешірер деп болсам егер айыпты.
Көше маңы,
Такси келіп тоқтады.
Көріп тұрмын, сөз айтудың жоқ мәні.
Телефонды шұқылап бір отыр ем,
Рольде інім, сөз айтуға оқталды.
Таж вирусы- деді маған өтірік
Дәйгін де айтпақ болды көпіріп.
Әңгімесін ақырындап тыңдадым,
Кетпеймін ғой, көлігінен секіріп.
Қарап тұрсам тағдырына өкпелі.
Ашуы да қысып тұр-ау өкпені.
Кәсібім де бар еді ғой күн көрер,
Сол кәсібім, күн көруге жетпеді.
Саясаты осы ма-деп бүлінді.
Такси болып көрермін-ау күнімді,
Балалардың жауып қойды ермегін,
Қалай көрем,
Қалай көрем күнімді.


Тоқта інім,
Ел билігі аспаңыз.
Қиянат пен жалаңызды жаппаңыз.
Көңіліңде бір кірбің ой жатса да,
Салауат пен сабырлықты сақтаңыз.
Түсінейік, қазағымды аясақ,
Тәж ауруы десең маған саясат,
Шапанымды шешіп саған кетейін,
Дедім оған портменемді қоя сап.
Қалықтайтын құс емеспін құзда шын,
Содан кейін жүрегім-ай, сыздасын.
Таксишіні жібердім ғой жөніне,
Тауып бере алмаса да сдачын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу