Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  281


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Пешене

Пайдам тисінші көпке дегендер.
Соққы алып қанша, өкпелегендер.
Жараң да сенің жазылар мүмкін,
Асыра сөгіп, өкпелемеңдер.
Жазылар оның жарасы ертең.
Біреуі мүмкін баласыз ба екен?
Күйеуі кетіп,
Әйелі қайтып,
Мұңлық па екен, панасыз ба екен?
Біреуі бәлкім қарызға батып,
Жан таппай жүр ме арызданатын.
Біреуге біреу, жаны ашымайтын,
Заманым осы қарызданатын.
Бақ тұрмас мәңгі, көше береді.
Жақсылық жаса еселенеді.
Алладан сұра, әрекет жаса,
Болады дей берме пешенедегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу