Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  244


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Құтты болсын бауырлар амал күнің

Қандай ғажап,
Ел жұрттың көріскені.
Өркені өссін ұрпақтың, өріс кеңіп.
Көшпелі өмір, өткенінен хабар берер,
Қозы-лақтың дауысы өрістегі.
Амал күнің, құт келсін самалдай бір.
Тіршілік-ай, ертеңді амалдайтын.
Әулиенің барлығы бізде жатыр,
Қазаққа еш уайым жоқ, алаңдайтын.
«Бес қонақ»- келсе дағы алаңдамай,
Сұрасатын көршің бар, Шамаң қалай?
Әр қазақ менің ғана жалғызым деп,
Жүз көрісіп жүрейік, жамандамай.
Күтеміз содан кейін «Құралайды».
Өмір заңы, ол бізден сұрамайды.
Биліктің ақылы да кірер бір күн,
Содан соң халық емшек сұрамайды.
Жұртым-ау құтты болсын амал күнің.
Көрсетпесін Құдайым жамандығын.
Амал күнде халқыма жырымды арнап,
Елімнің тілейінші амандығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу