Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  73


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өкпелеме

Өкпелі жандар көп,
Көп сөзге еретін.
Өсек сөз көргенде,
Тіріліп өлі етің.
Ақындар бос қалта,
Жыры тек, беретін,
Гүл жырға толтырған,
Қолдағы себетін.
Себеті оның да,
Қолынан түспесін.
Жеміс те сыйлайды,
Шырын боп піскесін.
Шыдамай кетпеңдер,
Қарамай іске шын,
Бал дәмін сезерсің,
Шырынын ішкесін.
Ақынның жолы ауыр,
Жүрдің бе, шыдап көр.
Лай суын ішсең де,
Тұнықтай бұлақ көр.
Ақынның көз жасын,
Көргің кеп жүрсе егер,
Ақындай шыдап көр,
Ақындай жылап көр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу