Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  64


Автор: Бауыржан Үсенов

Жазылмайтын жаралы ем мен...

Жазылмайтын жаралы ем мен,
Жағдайымды сұра бастан.
Өмір-дауыл пана көрген,
Бақытымды жұла қашқан.
Өткен жайлар ойға оралып,
Сол бір жан боп тек көрерім.
Шаттығымды қойған алып,
Тағдырыма өкпелі едім.
Махаббатқа сиыналық,
Тұтқын қиял, тұтқын арман.
Аппақ халат киіп алып,
Дәрігер боп шықтың алдан.
Дұрыс ұққын теріс демей,
Көзімде жер аунайды анық.
Ақ қанатты періштедей,
Тұрдың мені жаулап алып.
Қала алмадым елең етпей,
Шуақты бір мәрт күн еді.
Ұқсастығың кереметтей,
Жайтартқышша тартты мені.
Қозғалмады бір білерім,
Мейлі, достар жалған дей ме,
Көз алдымда тұрды менің,
Құса қылған арман бейне.
Күні кеше тұл едім мен,
Тірі болып жүргенім тек.
Жаңғырықты жүрегімнен
Қиялдағы бір келіншек.
Енді мені, емде мені,
Жылы сөзің – ем мөлшері
Серік іздеп сенделеді,
Жуалыдан келген сері...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу