Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  110


Автор: Болат Жетекбай

Пеш қызбайды, үй суық...

Пеш қызбайды, үй суық.
Ой қашады санадан.
Талай қағаз жыртылып,
Жайрап қалды манадан.
Далада түн,
Бөлмеде
Жылтылдайды әлсіз шам.
Ызыңдайды әлдене,
Жыр тілейді жансыз жан.
Жарық пенен түнекке
Жалтаңдаған құр елең...
Жабырқаулы жүректе
Жоқ секілді бір өлең.
Тіршіліктің тынысы
Тоқтағандай азырақ,
Пеш сөнді ме,
Үй іші
Кетті кенет азынап.
Ойымды ұйқы тықсырып,
Бойға ләззат тарайды.
Түн қабағы түксиіп
Терезеден қарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу